jasqazaq.kz

Тоқаев Рождество мерекесімен құттықтады

07 қантар 2020, 11:35

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел тұрғындарын Рождество мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

«Біздің еліміздің православие христиандарын Рождествомен жарқын мерекесімен құттықтаймын!

Ғасырлар өткен сайын бұл күн сенушілерді гуманизмнің, көршілерге деген мейірімділік пен махаббаттың мәңгілік құндылықтарына қайта оралуға шақырады.

Конфессияаралық келісім — бұл Қазақстанның табысты дамуының маңызды факторларының бірі. Біз өз елімізді әртүрліліктегі біртұтастықтың негізгі принципі негізінде құрамыз және дамытамыз, сондықтан болашаққа сеніммен қараймыз.

Біздің қоғамның ажырамас бөлігі ретінде православие христиандары тәуелсіздігімізді нығайтуға қомақты үлес қосады. Бірлесіп, біз еліміздің барлық азаматтарының әл-ауқатын жақсарту үшін көп жұмыс жасаймыз.

Барлық православие христиандарына мықты денсаулық және өркендеу тілеймін!

Біздің мемлекетімізде бейбітшілік пен бірлік болсын!», — делінген құттықтау мәтінінде.

Бүгін, 7 қаңтарда, православие христиандары негізгі христиандық мерекелердің бірі — Рождествоны атап өтеді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде