jasqazaq.kz

Тоқаев Путинге көңіл айтты

01 шiлде 2019, 11:28

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда сайтына сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

Мемлекет басшысы Иркутск облысындағы су тасқыны салдарынан адамдардың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. «Иркутск облысындағы су тасқыны салдарынан елді мекендердің қирағаны және адамдардың қайғылы қазаға ұшырағаны жөніндегі хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын және олардың қайғысына ортақ екенімізді жеткізуіңізді сұраймын. Барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін», — делінген жеделхатта. РИА Новости мәліметінше, Иркутск облысындағы су тасқыны салдарынан 9 мыңнан аса тұрғынмен 3,3 мыңға жуық үй су астында қалды, 150-ден аса адам ауруханаға жатқызылды. Жергілікті БАҚ мәліметінше, кем дегенде бес адам қаза тапқан, оның ішінде бір бала бар. 55 елді мекенде 3 296 үй су астында қалып отыр, онда 9 809 адам (оның ішінде 2 681 бала), 18 әлеуметтік маңызы бар нысан, 3 525 үй жанындағы учаскелер бар.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда