
Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының атынан Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынды.
Президент сайлауы халқымызды биік мақсаттарға жұмылдыруға тиіс деп санаймын. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезінде Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
«Еліміздегі билік сабақтастығын жалғастыру — Ата Заңымызға толық сәйкес келеді. Екі апта бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кезектен тыс сайлау өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл жан-жақты ойластырылып жасалған қадам. Қасым-Жомарт Кемелұлы әрбір іске зор жауапкершілікпен қарайтын мемлекет қайраткері. Ол айқын саясат жүргізудің қаншалықты маңызды екенін жақсы біледі», — деді Елбасы.