jasqazaq.kz

Тоқаев пен Лукашенко келіссөз жүргізді

25 қазан 2019, 13:07

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен келіссөз жүргізді.

«Біз Беларусь делегациясының келуіне қуаныштымыз. Бізді дәстүрлі достық, ынтымақтастық байланыстырады. Біздің халықтарымыз жақындасып жатыр. Сондықтан құрметті президент Александр Григорьевич бастаған бұл сапар — біздің мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың барлық мәселесін талқылауға және қажет болған жағдайда оларға қосымша серпін беруге жақсы мүмкіндік». «Тек жабық тар форматта біз негізгі проблемалық мәселелерді алға қойдық, өйткені ең жақын мемлекеттердің бір-бірімен өзара қарым-қатынасында талқылауды, нақтылауды және, ең бастысы, шешімдерді талап ететін мәселелер туындайды», — деді Тоқаев.

Оның айтуынша, келіссөз қорытындысы бойынша келісімге қол қойылады, сондай-ақ президенттер бірлескен мәлімдеме жасайды. «Біз мемлекеттер арасындағы сауда көлемін арттыруға, гуманитарлық саладағы қарым-қатынастар мен өзара байланысты күшейтуге, халықаралық ұйымдарда белсенді өзара іс-қимылды жалғастыруға мүдделіміз. Келісім мен бірлескен мәлімдеме, менің ойымша, біздің мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты алға жылжытуда маңызды қадам болып табылады», — деп нақтылады Президент.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде