jasqazaq.kz

Тоқаев Өзбекстан президенті жайлы пікір білдірді

14 сәуiр 2019, 15:51

Тоқаев өзбекстандық БАҚ-қа сұхбат берді.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігі — ӨзА-ға Өзбекстан мен Қазақстан арасында қол жеткізілген нәтижелер, ынтымақтастықты дамытудың бүгінгі жағдайы мен болашағы туралы сұхбат берді. Тоқаев журналистермен әңгімеде Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзияев президент қызметіне кірісуімен алғашқылардың бірі болып құттықтағанын атап өтті. «Шавкат Миромонұлы Қазақстан Президенті лауазымына кіріскен кезімде бірінші құттықтаған Мемлекет басшыларының қатарында болды. Жылы сөздері үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Өзбек көшбасшысының Елбасымыздың атына айтылған ізгі тілегі де біздің елге деген терең құрметінің дәлелі деп санаймын. Президент Шавкат Мирзияев Өзбекстанда ауқымды өзгерістерді жүзеге асыру және елдеріңізді заманауи, халықаралық аренада бәсекеге қабілетті мемлекетке айналдыруда тарихи миссияны өзіне алып отыр. Оның мемлекеттік басқару жүйесін біртіндеп жетілдіру, экономика мен қаржы секторын ырықтандыру, өзбек халқы өмірінің барлық саласын жаңғырту бағытынан бұлжымауы нағыз қызығушылық пен шынайы құрмет тудырады. Шавкат Миромонұлы өзінің бүкіл энергиясын, білімі мен тәжірибесін алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге арнайтындығына кездесуіміз барысында көз жеткіздім. 2017 жылы Қазақстан Парламенті Сенатының делегациясын басқарып, Ташкентке сапармен келгенімде айтарлықтай толыққанды әңгімелесу болды. Жеке өз басым Өзбекстан басшысының елді дамытудың барлық негізгі бағыттарындағы стратегиялық тәсілдерін, өңірдегі және әлемдегі ахуалды терең түсіне білуін қадір тұтамын. Онымен екіжақты дамудың барлық мәселелерінде көзқарасымыз ортақ. Бұл өте маңызды. Біздің арамызда орын алған сенімді әрі тұрақты байланыстар бауырлас қазақ-өзбек қарым-қатынасын одан ары тереңдете түсуге септігін тигізеріне сенімім мол», — деп мәлімдеді Тоқаев.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда