jasqazaq.kz

Тоқаев: сіздің баяндамаңыз үлкен күдік туғызады

15 шiлде 2019, 12:38


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр келтірген деректерге күдікпен қарады.

 Sputnik  жазғадай, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент транзиттен түсетін табыс мәселесіне тоқталды.   «Келесі жылы транзиттен 5 миллиард доллар табыс таба аламыз дейміз. Біз ол жайында барлық конференция мен форумда айтамыз. Осы жоспарды орындай аламыз ба?», — деп сұрады Тоқаев.
Министр Роман Склярдың айтуынша, өткен жылы барлық көлік түрі бойынша транзиттен 1 миллиард 700 миллион доллар түскен болатын.
«Биыл осы көрсеткіш 2 миллиард 400 миллион доллар болады деген жоспар бар. Ал келесі жылы 3 миллиард 300 миллион болады. Негізгі себеп — сыртқы санкциялардың кесірінен Иранға және Кавказ арқылы Түркияға баратын тасымалдың төмендеуі. Есесіне электронды коммерцияның көлемі өсіп келеді. 2025 жылы оның көрсеткіші шамамен 3,5 миллиард долларға жетеді. Сондықтан транзиттің табысын Қытайдан Еуропаға жіберілетін сәлемдемелердің есебінен өтейтін боламыз», — деп Скляр мәлімет берді.
Алайда Тоқаев министрдің жауабына қанағаттанған жоқ.
«Отырыңыз, сіздің баяндамаңыз үлкен күдік туғызады. Тексеру керек», — деді Тоқаев.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде