jasqazaq.kz

Тоқаев Орталық Азия елдерін күш біріктіруге шақырды

21 шiлде 2022, 12:41

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдерін мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты бұзу әрекеттеріне қарсы күресте күш біріктіруге шақырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Тоқаевтың айтуынша, Орталық Азия елдері ақпараттық кеңістікте бүкіл аймаққа зиян келтіретін келеңсіз құбылыстардың алдын алу үшін өзара іс-қимылды күшейтуі керек.

«Бұл жұмыстың мәні біздің достығымыздың мызғымастығында болуы керек. Біз мемлекетаралық және ұлтаралық араздықты қоздыру арқылы қарым-қатынасымызды бөлуге бағытталған кез келген әрекеттерге қарсы тұру үшін бірігуіміз керек», — деді Тоқаев мемлекет басшыларының IV консультативтік кеңесінде.

Тоқаевтың айтуынша, Орталық Азия БАҚ-тарында ел өңірлеріндегі жаңалықтарды жариялауда өткір ақпараттық тапшылық сезіледі.

«Бұл тенденцияны өзгерткен жөн. Бәлкім, аймақтық телеарна немесе жаңалықтар сайтын құрудың мәні бар шығар. Осы жайттарды егжей-тегжейлі зерделеу үшін Орталық Азияның тиісті ведомстволары мен ақпарат агенттік басшыларының тұрақты негізде кездесулерін өткізген тиімді болар еді», — деп қосты Қазақстан Президенті.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр