jasqazaq.kz

Тоқаев Нью-Йоркке ұшып келді

23 қыркүйек 2019, 10:56

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йорк қаласына БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясына қатысуға келді, — деп хабарлайды «Хабар24».

Тоқаев бірнеше мемлекет басшысымен және кәсіпкерлермен кездеседі деп жоспарланған. Бас ассамблеяның сессиясы қыркүйектің 23-25 арпалығында өтеді. Бас Ассамблея жиынына 196 делегация, 100-ге жуық мемлекет басшылары, БҰҰ-ға мүше елдердің 80-нен аса үкімет және сыртқы саяси ведомстволарының басшылары қатысады деп күтіледі. Оның жұмысы аясында 630 түрлі кездесулер өткізу жоспарланған. Мемлекет басшысы биылғы жылы «кедейлікті жою үшін көпжақты күш-жігерді шоғырландыру, сапалы білім беруді, климаттық іс-қимылдар мен жан-жақты тәсілді ілгерілету» тақырыбында өтетін Бас Ассамблеяның Жалпы дебаттарында, сондай-ақ тұрақты даму мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі саяси форумда сөз сөйлейді. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, бірқатар елдердің мемлекет және үкімет басшыларымен, халықаралық ұйымдардың басшыларымен, америкалық кәсіптің, трансұлттық компаниялардың, АҚШ саяси және сараптамалық топтарының өкілдерімен кездесулері жоспарланған.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда