jasqazaq.kz

Тоқаев Надаль және Джоковичпен кездесті

24 қазан 2019, 18:16

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлем теннисінің жұлдыздары Рафаэль Надальмен және Новак Джоковичпен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті.

Мемлекет басшысы атақты теннисшілерді «Ақорда» резиденциясында қабылдап, Рафаэль Надаль мен Новак Джоковичке Қазақстанға келгендері және қайырымдылық матчына қатысатындары үшін ризашылығын білдірді. «Бұл – қазіргі заманның даңқты теннисшілерінің ойынын Қазақстанда көруге керемет мүмкіндік. Аталған матчтың қайырымдылық мақсатта өтіп отырғаны аса маңызды. Сіздердің астанамызға келгендеріңіз Қазақстанда дамып келе жатқан тенниске үлкен қолдау екені даусыз. Бүгінгі балаларға көрсететін шеберлік сабақтарыңыз оларға жақсы үлгі болады және шабыттандырады деп сенемін»,– деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Қазақстандағы теннистің дамуына жоғары баға берген Р.Надаль мен Н.Джокович Президентке кездесуге мүмкіндік жасағаны және тенниске көрсетіп отырған қолдауы үшін алғыстарын айтты. «Бұл – менің Қазақстанға үшінші рет келуім. Әр келген сайын әсем елорданың келбетінен рахат табамын. Дегенмен, бұл жолғы сапарым – ерекше. Өйткені ғажап «Ақорда» сарайында Өзіңізбен кездесуге мүмкіндік алдым»,– деп атап өтті Рафаэль Надаль. «Президент мырза, Қазақстанда тенниске көрсеткен қолдауыңыз үшін алғысымды білдіргім келеді. Біз елдеріңізде теннистің насихатталуына және дамуына өз үлесімізді қосатынымызға қуаныштымыз»,– деді Новак Джокович. Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыларға табыс тілеп, Рафаэль Надальді шаңырақ көтеруімен құттықтады.

ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда