jasqazaq.kz

Тоқаев: Мемлекеттік күзет қызметі — төтенше маңызды ұйым

17 маусым 2019, 17:52

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметінің басқарушы құрамымен кездесті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қазақстан Президенті жеке құрамға Мемлекеттік күзет қызметінің жаңадан тағайындалған бастығы Әнуар Садықұловты таныстырды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның мемлекеттік күзет жүйесін дамытудың негізгі бағыттары туралы Күзет қызметі басшысының баяндамасын тыңдады. «Мемлекеттік күзет қызметі — төтенше маңызды ұйым. Сіздер қызмет атқару барысында осыны қаперде ұстаңыздар. Мемлекеттік күзет қызметіне айрықша міндеттер жүктеледі. Сондықтан, мемлекеттік күзет мәселесі әрқашан басты назарда болады. Тапсырылған іске барынша адалдық танытып, жоғары кәсіби дайындықтарыңызды көрсететіндеріңізге сенімдімін», — деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті ішкі және сыртқы қауіп-қатердің құбылмалы жағдайында күзет қызметкерлерінің кәсібилігіне қойылатын талап өте жоғары болатынын атап өтіп, қызметке кәсіби, идеологиялық және зияткерлік тұрғыдан дайын жас жігіттер іріктеп алынатынын айтты. «Мемлекеттік күзет қызметінің офицерлерінде келіссөздер жүргізуге қажетті дипломатиялық дағдыларға сәйкес келетін әскери біліктілік, қырағылық, ақпаратты қорыта білу сияқты сапалық қасиеттер болуы тиіс. Сонымен қатар, ішкі және сыртқы саясатты түсінетін және білетін саяси білімі жетік болуы қажет», — деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев шұғыл әрекет ету штабының жұмысымен танысып, Мемлекеттік күзет қызметінің жұмыс кабинеттерін аралап көрді. Сондай-ақ, Күзет қызметінің жұмысын одан әрі жетілдіру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде