jasqazaq.kz

Тоқаев Мажарстан басшыларымен жеке кездесу өткізді

24 сәуiр 2019, 12:50

Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбанмен жеке кездесу өткізіп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Айта кетерлігі, Ақордаға келген мәртебелі мейманды Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алып, алдымен Қазақстан делегациясының мүшелерімен таныстырды. Содан кейін Мажарстан делегациясының мүшелерімен танысты. Одан әрі екі елдің мемлекеттік Әнұрандары ойналды. Қазіргі уақытта Мемлекет басшылары жеке кездесу өткізіп жатыр. Одан кейін кеңейтілген құрамдағы келіссөздердің өтетіндігі жоспарланған. Оның қорытындысы бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбанның БАҚ өкілдеріне бірлескен мәлімдеме жасайтындығы күтіледі. Естеріңізге сала кетсек, кеше ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбанмен кездескен болатын. Екі жақты кездесудің бағдарламасы бойынша қазақ-мажар ынтымақтастығына және аймақтық, халықаралық ахуалға қатысты бірқатар өзекті мәселелер талқыланады деп күтілуде.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде