jasqazaq.kz

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысып жатыр

24 маусым 2020, 14:57

Мәскеудегі Қызыл алаңда Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парад басталды. Бұқаралық ақпарат құралдары салтанатты шараны тікелей эфирден көрсетіп жатыр.

Парадты Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгу қабылдап, қарулы күштерді мерекелі датамен құттықтады. Владимир Путин сөз сөйлеп, бір минуттық үнсіздік жариялады. Ол Әзербайжан, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Сербия, Түркіменстан, Тәжікстан, Монғолия, тағы басқа елдердің жеңіске қосқан үлесін атап өтті.

Қызыл алаңда Владимир Путинмен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Беларусь басшысы Александр Лукашенко, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Сербия Президенті Александр Вучичтың отырғанын көруге болады.

Парадқа 14 мыңнан аса әскери қызметкерлер тартылған. Қазақстан атынан подполковник Ұлан Нұрғазиев бастаған 55 десанттық шабуылдаушы сарбаз Қызыл алаңмен жүріп өтті.

Еске салсақ, салтанатты шеру коронавирус пандемиясына байланысты 9 мамырда өтпей, 24 маусымға ауыстырылған болатын.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия