jasqazaq.kz

Тоқаев Маминді қабылдады

21 наурыз 2019, 10:46

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайы және Үкіметтің биылғы 2 айда атқарған жұмыстарының нәтижелері туралы баяндалды. Ұсынылған мәліметтерге сәйкес, биылғы қаңтар-ақпан айларында өнеркәсіп өндірісі — 2,7 пайызға, ауыл шаруашылығы — 3,6 пайызға, құрылыс — 2 пайызға, қызмет көрсету саласы — 3,9 пайызға өскен. Экономиканың түрлі салаларының да жақсара түскені байқалады. Қазақстан Президенті Ұлт жоспары аясындағы құрылымдық және институционалдық реформаларды, сондай-ақ Тұңғыш Президент — Елбасының жолдаулары мен тапсырмаларында қамтылған әлеуметтік саладағы шараларды сапалы жүзеге асыруды, бюджет қаражатын тиімді игеру тұрғысынан негізгі мемлекеттік бағдарламаларды орындауды, экономиканы әртараптандыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды, еліміздің жекелеген аймақтарында су тасқынына тосқауыл қою шараларын жедел қабылдауды тапсырды. Премьер-министр Мемлекет басшысына Үкімет тарапынан бюджеттік міндеттемелер мен әлеуметтік бастамалардың барлығының толықтай орындалуын қамтамасыз етіп, әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаның негізсіз өсуін болдырмау және экономикалық өсімнің сапасын арттыру үшін тиісті жұмыстарды жалғастыра беретінін жеткізді. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда