
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының жаңа әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында жазды. «Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгіновке астананың әлеуметтік-экономикалық жайластыру жұмыстарының қарқынын арттыруды тапсырдым. LRT құрылысындағы жағдайды жіті зерттеу қажет», — деп жазды Президент.