jasqazaq.kz

Тоқаев: Кіші Аралдан айырылып қалуымыз мүмкін

14 мамыр 2019, 15:56

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Кіші Арал мәселесін шешу үшін дереу шара қолдануды тапсырды. Бұл туралы Ақорданың Twitter желісіндегі парақшасында хабарланды.

«Мәселелер мұнымен шектелмейді. Көкарал бөгетінің төменгі жағын Сырдария ағыны бұзып жатыр. Дереу қолға алмасақ, Кіші Аралдан айырылып қалуымыз мүмкін. Осы уақытқа дейін жиналған 27 млрд текше метр су зая кетпеуі керек. Үкімет пен әкімдікке шаралар қабылдауды тапсырамын», — деп жазады Ақорда Тоқаевтың сөзін. Теңіз деңгейі 1960-шы жылдардан бастап тез төмендеді. 1989 жылы Арал теңізі екі оқшауланған су айдынына — Солтүстік (кіші) және Оңтүстік (Үлкен) Арал теңізіне бөлінді. Арал тартылмас бұрын әлемдегі көлемі жағынан төртінші көл болды.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық