jasqazaq.kz

Тоқаев Қытайдың CCTV телеарнасына сұхбат берді

10 қыркүйек 2019, 10:16

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйектің 11-12 күндеріне жоспарланған ҚХР-ға мемлекеттік сапары қарсаңында Қытайдың CCTV телеарнасына сұхбат берді. Бұл туралы бүгін Facebook-тегі парақшасында Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Беік Уәли жазды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Мемлекет басшысы қазақ-қытай қатынастарының даму перспективаларына қатысты өзінің ой-пікірімен бөлісті. Күн тәртібіндегі екіжақты мәселелерден бөлек, қытайлық журналистерді Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазіргі халықаралық қатынастардағы Қытайдың рөліне, ҚХР-ның 70 жылдық мерейтойы қарсаңындағы жетістіктеріне берген бағасы аса қатты қызықтырды»,-деп жазды ол.

Сондай-ақ, оның жазуынша, Президент өзге де жеке мәселелерге қатысты сауалдарға жауап берді. Сұхбат CCTV телеарнасының эфирінен көрсетіледі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде