jasqazaq.kz

Тоқаев Қытайда пайда болған ауруға байланысты тапсырма берді

26 қантар 2020, 12:25

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Қытайда пайда болған коронавирустың таралуына жол бермеу жөнінде нақты тапсырма берді.

«Үкіметке Қытайда пайда болған коронавирустың Қазақстан аумағына таралуына жол бермеу жөнінде нақты ұйымдастыру шараларын қабылдау тапсырылды», — деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында. Айта кетейік, Хубэй провинциясында 13 адам қайтыс болған және 323 адам ауру жұқтырған. Осыған дейін 41 адамның қайтыс болғаны және 1 372 адамның осы ауру түріне шалдыққаны айтылды. Ухань провинциясында белгісіз пневмонияның таралып жатқаны туралы 31 желтоқсанда белгілі болды. Мамандардың мәліметінше, коронавирустың жаңа қоздырғышына 2019-nCoV атауы берілген. Алғашқы науқастар теңіз өнімдері базарымен қатысы болды, болжаммен Қытайда жиі тамаққа қосылатын жыландар болуы мүмкін. Кейін вирус адамнан адамға жұғатыны белгілі болды. Қытайда шыққан ауру түрін жұқтыру деректері мына елдерде байқалған: Гонконгта — бес, Макао — екі, Тайваньда — үш, Таиландта (екі науқас жазылып шықты) — төрт, Жапонияда (бір науқас жазылып шықты) — екі, Оңтүстік Кореяда — екі, АҚШ — екі, Вьетнам — үш, Сингапур — 3, Непал — 1, Франция — 2, Аустралияда бір адам тіркелді.

Тengrinews.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия