jasqazaq.kz

Тоқаев қос азаматтығы бар мемқызметшілерге қатысты: Бұған жол беруге болмайды

25 ақпан 2021, 13:37

Қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілерге жазаны қатаңдату қажет сияқты. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Қазақстан қос азаматтыққа тыйым салынған көптеген елдердің тобына кіреді. Тиісті норма Конституциямызда да бар. Дегенмен, соңғы уақытта тіпті мемлекеттік қызметшілерде қос азаматтықтың бар екендігі туралы фактілерді жиі тіркеп жүрміз. Бұған белгілі себептермен жол беруге болмайды. Бұл өте байыпты мәселе. Өйткені, ұлттық қауіпсіздігімізге қатысты. Мұндай фактілердің жолын кесу қажет», — деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы өткен жылғы Қазақстан халқына Жолдауында қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілерді, квазимемлекеттік ұйымдардың басшыларын лауазымды қызметінен босату туралы тапсырма бергендігін еске салып өтті.

«Үкімет пен Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікте атқарылған жұмыстың нәтижелері туралы баяндауды өтінемін. Мұндай заң бұзушылықтар үшін жауапкершілікті мұнан да қатаңдату талап етілетін сияқты», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия