
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық валюта күнімен құттықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Баршаңызды Ұлттық валюта күнімен және қаржыгерлерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Төл теңгеміз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің символы. Сонымен қатар, экономикалық дамуымыздың басты кепілі. Еліміздің қаржы жүйесіне халықтың әл-ауқатын одан ары жақсарту міндеті жүктеледі», — деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.
Қазақстанда 15 қарашада ұлттық валюта күні атап өтіледі, 1993 жылы дәл осы күні республикада теңге айналымға енгізілді.