
NurOtan партиясының атынан президенттікке ұсынылған кандидат және қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін қазақ тілінен емтихан тапсырады, деп хабарлайды ОСК-ның баспасөз қызметі.
ҚР Конституциялық заңының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 55-бабына сәйкес, ОСК-ға Қасым-Жомарт Тоқаевтың құжаттары ұсынылды.
Хабарланғандай, бүгін мемлекеттік тілді еркін меңгергенін анықтау үшін, лингвистикалық комиссияның отырысы өтеді.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауға қатысуға келісетіні туралы өтініш, биографиялық мәліметтері мен басқа да құжаттарының көшірмесін тапсырды.