jasqazaq.kz

Тоқаев I Азия жазушылары форумының ашылу салтанатына қатысты

04 қыркүйек 2019, 10:36

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында I Азия жазушыларының форумы басталды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

«Форумға қатысушыларға алғыс білдіремін. Жиын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өткізіліп отыр. Халқымыз ұлттық тарих пен мәдениетті зерттеуге ерекше мән береді. Қазақ әдебиеті — халқымыздың құнды қазынасы. 30 жазушы мен 31 ақынымыздың шығармалары БҰҰ-ның алты тіліне аударылып, 90 елге таратылады. Бұл 2,5 миллион адам бұл шығармаларды оқиды деген сөз», — деді Президент. Форум 4-6 қыркүйек аралығында елордада болады. 38 елден шақырылған 80 жазушының қатарында Букер және ASEAN әдеби сыйлықтарының лауреаттары, ұлттық және мемлекеттік сыйлықтардың иегерлері, кәсіподақ пен қауымдастық төрағалары бар. Форум Азия әдебиетіндегі барлық өзекті мәселені талқылауға арналған диалог алаңына айналады. Сонымен қатар, қатысушылар «Азия әдебиеті» түсінігін қалыптастыруды жоспарлап отыр. Форум «Бір тамыр, бір көзқарас, бір өркениет» атты ұранмен өтіп жатыр.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда