jasqazaq.kz

Тоқаев: Халықтың барлық займдар бойынша қарызын төлеуін тоқтата тұру қажет

23 наурыз 2020, 14:11

Халықтың барлық займдар бойынша негізгі қарыз сомасын төлеуін тоқтата тұру қажет. Бұл туралы Ақордада Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Біріншіден, төтенше жағдай қолданысы кезеңінде бұған дейін қабылданған айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуге тыйыммен қатар халықтың барлық займдары бойынша негізгі қарыз бен сыйақы сомасын төлеуін тоқтата тұру қажет. Банктерден толық түсіністік пен азаматтық ынтымақтастық күтемін», — деді Мемлекет басшысы. ҚР Президентінің пайымынша, көптеген азаматтар жеке қаржылық жағдайының қиындауына байланысты банктік емес ұйымдарға, ломбардтарға, онлайн кредиторларға, микроқаржылық ұйымдарға кепілсіз несие алу үшін жүгінетін болады. «Азаматтарды алдауға жол беруге болмайды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне, Бас прокуратураға, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне заңнаманың сақталуын тексеру бойынша ауқымды акция жүргізуге және заң бұзушыларды жария түрде жазалап, мұны БАҚ пен әлеуметтік желілерде барынша көрсетуді тапсырамын. Бұл қазақстандықтар қиын-қыстау жағдайда өздерінің құқықтарын мемлекет қатаң қорғайтындығын білу үшін қажет», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі