jasqazaq.kz

Тоқаев грантқа бөлінетін қаражатты студенттердің есепшотына аударуды ұсынды

16 қараша 2021, 17:32

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев грант ақшасын студенттердің өзіне беруді ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz.

Президент мемлекет жастарға білім беру үшін жоғары оқу орындарына өте көп грант бөлетінін атап өтті. Айтуынша, бүгінде бір студентті оқыту құны шамамен 4 миллион теңге. Грант саны жыл сайын артып келеді.

«Енді қаржыландыру тәсілін өзгерткен жөн. Қаржы тікелей грант иесіне берілуге тиіс. Яғни студент оқу ақысын өзі төлеуі керек. Бұл қаражат студенттің арнайы есепшотына түседі деген сөз. Оны тек оқу ақысын төлеуге жұмсау керек», — деді Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында.

Оның айтуынша, бұл тәсіл жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу саласында бәсекелестікті арттырады. Сондай-ақ мемлекеттік тапсырыстың ашық болуын қамтамасыз етеді.

Бұған қоса білім сапасын жақсартып, студенттердің жауапкершілігін арттырады.

Президент үкіметке бұл шешімді жүзеге асыру жолдарын мұқият ойластыруды тапсырды.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық