jasqazaq.kz

Тоқаев: ерлік жасаған полковник орденмен марапатталады

20 маусым 2019, 17:56

Алматыдағы оқу-жаттығу кезінде жауынгерді гранатаның жарылуынан құтқарған полковник орденмен марапатталады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

«ҰҚК Шекара қызметінің полковнигі С.Смицких ерлік жасады. Ол Алматыдағы оқу-жаттығу кезінде жас жауынгерді граната жарылысынан құтқарып, өзі жарақат алып қалды. Орденмен марапатталатын болады», — деп жазды президент.

Елдегі шекара қызметіне қарасты 2027 әскери бөлімі командирінің орынбасары, полковник Сергей Смицких граната лақтыру кезінде қауіпсіздікті сақтамаған жауынгерді құтқарған. Жас жігіт шығыршығын суырып қойған гранатасын аяғының астына түсіріп алған. Сол кезде полковник Смицких бірден гранатаны жұлып алып, қауіпсіз жерге лақтырған. Жауынгерді өз денесімен жауып қалыпты.

Төтенше жағдай 19 маусым күні Алматы маңындағы полигонда болды.

Граната қауіпсіз жерде жарылды. Дегенмен жертасаның қабырғасын жанап өткендіктен, екі әскери қызметкер де түрлі жарақат алды. Оларға медициналық көмек көрсетілді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде