
Елімізді жаңғырту жоспары әзірленетін болады. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
«Бәріміз мемлекет қызметіне қатысты өзекті мәселелерді ашық талқылап, нақты ұсыныстар әзірлеуіміз керек. Мен Президент ретінде тиісті шешім қабылдаған кезде сол ұсыныстарды ескеретін боламын. Мұндай бірлескен жұмыс елімізді дамытуға арналған реформаларды жандандыруға ықпал етеді. Бұл жұмысты бәріміз бірге атқарамыз. Біз елімізді жаңғырту жоспарын әзірлеуіміз қажет», — деді отырысты ашқан Мемлекет басшысы. Сонымен қатар, Президент жиынға қатысушылардың азаматтық ұстанымы үшін алғысын білдірді. «Баршаңызға белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз және ортақ іске қосқан үлестеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.