jasqazaq.kz

Тоқаев: Ел үмітін және сенімін ақтауға тиіспіз

10 маусым 2022, 15:19

Қасым-Жомарт Тоқаев Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді.

Президент жиынға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде халықтың Конституцияға енгізілетін түзетулерді референдумда қабылдағанын және оның заңды түрде күшіне енгенін атап өтті. Осылайша, азаматтарымыз Жаңа, Әділетті Қазақстан құруды қолдады.

«Референдум ауқымды жаңғыртуларды жалғастыруға жол ашты. Біз елдің үмітін және сенімін ақтауға тиіспіз. Барлық салада бәріне бірдей мүмкіндік берілетін қоғам құруымыз қажет. Тұрғындар экономикалық өсімнің игілігін шын мәнінде көруі керек. Мемлекеттің байлығы белгілі бір адамдарға емес, барша халыққа тиесілі. Сондықтан, бүкіл халықтың әл-ауқатын арттыру — алдымызда тұрған аса маңызды міндет», — деді Президент.

Мемлекет басшысы экономика саласын тәртіпке келтіріп, түсінікті әрі әділ ойын ережесін бекіту қажет деп санайды. Оның айтуынша, бұл бағытта қордаланған проблемалар мен олқылықтар бар.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Қазақстанда экономикалық дамудың басты қағидаты табыстың әділ бөлінуі және азаматтардың тұрмыс сапасын арттыру болуға тиіс екенін атап өтті.

«Жуырда менің Жарлығыммен экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы комиссия құрылды. Бұл комиссия заңсыз жылыстатылған қаражатты елге қайтарумен айналысады. Оның жұмысы ұдайы қоғам назарында болады. Халық бізден бос уәде емес, нақты нәтиже күтеді», — деді Президент.

Президенттің пікірінше, ынтымақты, заңдылықты және жауапкершілікті мінсіз сақтау маңызды.

«Барлық іс-әрекет құқықтық нормаларға толық сай болуға және заңға қатаң әрі мүлтіксіз негізделуге тиіс. Прокуратура қадағалаушы орган ретінде қабылданатын барлық рәсімдердің заңға толықтай сәйкес келуін қамтамасыз етуге міндетті. Бұл мәселеде қателесуге және біліксіздік танытуға болмайды», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы ведомствоаралық комиссияны белсенді әрі нәтижелі жұмыс істеуге шақырды.

«Комиссия жұмысының нәтижесі нақты әрі сапалы болуы керек», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, елімізден заңсыз шығарылған капиталды барлық заңды рәсімдерді сақтай отырып қайтару үшін белгілі бір уақыт керек екенін түсіну қажет.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, басты мақсат сотқа берілген қылмыстық істердің саны емес, экономиканы нақты сауықтыру.

Президент комиссияның қызметі жөнінде жұртшылыққа жүйелі түрде хабар таратып отыруды тапсырды.

«Біздің мақсатымыз — айқын. Халықтан ұрланған активтерді елге қайтарып, әділдік орнатуымыз керек. Қазір, ең бастысы, жұмысты тиімді ұйымдастыру қажет. Комиссия мүшелері осы міндетті абыроймен атқарады деп сенемін. Президент Әкімшілігі барлық жұмысты бақылауда ұстайды», — деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, жиында Премьер-министр Әлихан Смайылов және Бас прокурор Берік Асылов баяндама жасады.

akorda.kz

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр