jasqazaq.kz

Тоқаев ел дамуына атсалысқысы келмейтін бай кәсіпкерлер туралы айтты

16 қараша 2022, 12:12

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір кәсіпкерлердің Қазақстанның дамуына атсалысқысы келмейтінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматыда тұрғындармен кездесуде Тоқаев Қазақстан ынтымақтастық пен өзара жауапкершілік қағидаттарына негізделген мемлекет құрып жатқанын атап өтті.

«Мен біздің ауқатты кәсіпкерлерді әлеуметтік салаға инвестиция салуға, әлеуметтік маңызы бар жобаларды әзірлеуге үнемі шақырамын. Жауап ретінде түсініксіз сылтаулар естіп, ешқандай ынтасының жоқтығын көруге тура келеді. Бұл олардың ел тағдыры үшін алаңдамайтынын, әлеуметтік жауапкершілікке шақыру олар үшін бос сөз екенін білдірсе керек. Мұндай ұстаным сұрақтар туғызады. Біз қорытынды шығарамыз», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл ретте Президент басқа елдердегі ауқатты адамдардың тек ішкі мәселелерді шешуге атсалысатынын, сонымен қатар өздерінің іскерлік байланыстарын пайдалана отырып, ұлттық мүддені шетелде ілгерілетуге көмектесетінін атап өтті.

«Елімізге белсенді азаматтық патриотизм қажет. Айналада болып жатқан барлық жағдайға «Менің үйім шетте» деген қағидамен қарауға болмайды», — деп қосты ол.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр