jasqazaq.kz

Тоқаев екі адамға рақымшылық жасады

10 тамыз 2019, 20:56

Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Балтабай мен Ярослав Голышкинге рақымшылық жасады. Бұл туралы ҚазАқпарат Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап хабарлайды. 

Ақпаратты Берік Уәли агенттік тілшісіне растады. Павлодардағы «Версия» газетінің бас редакторы болған Ярослав Голыщкин 2015 жылдың 30 қазанында бопсалау және кәмелет жасына толмаған тұлғаны ауыр қылмысқа тарту баптары бойынша сот шешімімен 8 жылға бас бостандығынан айырылып, бүкіл мүлкі тәркіленген болатын. Ал Шымкент қаласындағы «Лайықты еңбек» кәсіподақ қозғалысының жетекшісі болған Ерлан Балтабай бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін иелену бабы бойынша 7 жылға сотталып, қоғамдық ұйымдар мен коммерциялық емес ұйымдарды басқару құқығынан айырылған. Оған кәсіподаққа тиесілі 10,8 млн теңгені жымқырды деген айып тағылып, сот кінәлі деп шешкен болатын.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда