jasqazaq.kz

Тоқаев: «Бізде тиімсіз шығындар көп»

12 сәуiр 2019, 12:58

Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесу өткізді. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

Өңір тұрғындарымен кездесу барысында ел Президенті кей әкімдер мен министрлердің бюджетке деген қатынасы жайлы айтты. «Кей әкімдеріміз бен министрлеріміз бюджетке таусылмайтын қоржын ретінде қарайды. Бізде тиімсіз шығындар көп», — деді Тоқаев. Оның бұл пікірін Twitter-де Ақорданың баспасөз қызметі жария етті. Маңғыстау облысының халқымен кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетшілдік пен дәстүрлер арасындағы байланысқа көңіл бөлді. «Мемлекетшілдік пен дәстүр сабақтастығы — елімізді өркендетудің басты кепілі. Онсыз тұрақтылық та, даму да болмайды. Ұлы дала демократиясынан бастау алатын әділеттілік принципі қатаң сақталуы тиіс. Оны жоғалтып алу адамзат үшін де, ұлт үшін де өзін-өзі жоғалтумен тең. Дана халқымыз айтқандай, «Әділет жолы — ауыр жол», бірақ біз үшін одан басқа жол жоқ. Әділеттілік — ауқымы кең ұғым. Бұл құндылық, ең алдымен, мемлекеттік саясатта басшылыққа алынуы қажет», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда