jasqazaq.kz

Тоқаев белгілі ғалым Талас Омарбековтың отбасына көңіл айтты

07 желтоқсан 2021, 14:00

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі қоғам қайраткері, ғалым-ұстаз, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі Талас Омарбековтың қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, Мемлекет басшысы Талас Омарбековтың отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Ұзақ жылдар бойы Абай атындағы Қазақ педагогика университетінде және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ұстаздық қызмет атқарған Талас Омарбекұлы отандық ғылымның өркендеуіне елеулі үлес қосты. Тәуелсіз Қазақ елінің жаңа тарихын қалыптастыруға сіңірген еңбегі орасан зор. Бүкіл түркі дүниесін, ұлтымыздың шежіресін, Орталық Азия халықтарының өркениетке бет алған көшпелі мәдениетін терең зерделеді. Талас Омарбекұлының есімі мен жарқын бейнесі халқымыздың, әріптестері мен шәкірттерінің жадында мәңгі сақталады. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын», – делінген жеделхатта.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде