jasqazaq.kz

Тоқаев: бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуды көздейді

10 қазан 2018, 11:21

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі жаһандағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуды көздейтінін мәлімдеді.
Baq.kz жазғандай, Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатқан жиында Қасым-Жомарт Тоқаев алдымен түрлі дін өкілдеріне алғысын білдірді.
«Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің лидерлері мен бастамаларына тұрақты қолдау көрсетіп, оның жоғары басқарушы органы саналатын діни көшбасшылар кеңесінің жұмысына қатысып отырғандарыңыз үшін баршаңызға алғысымды білдіремін», — деді ол.
Осы орайда Сенат төрағасы діндер съезінің негізгі мақсаты әлемдегі бейбітшілікті нығайтуға бағытталғанын атап өтті.
«Кеңестің жоғары және беделді құрамы өркениетаралық және дінаралық ынтымақтастықтың жаңа идеяларын ілгерілетіп, түпкі мақсаты –  қоғамдар мен мемлекеттердегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуды көздейді. Іс-шараларды жүзеге асыру бағдарламаларын әзірлеу қажет. Тұтастай алғанда,  дінаралық қатынастардың қарқынды дамуы съезд және оның кеңесі қызметінің басты жетістігі болып саналады», — деді Тоқаев.
Сондай-ақ ол түрлі дін өкілдерінің өзара пікір алмасуы сенімді байланыс орнатуға мүмкіндік беретінін жеткізді.
«Форум дінаралық саммиттің негізі қатысушыларының өзара пікір алмасудағы ерік жігерін, олардың бір-біріне деген сенімі іс-қимыл жасау кезінде орын алатын мәселелерге қатысты ортақ көзқарасын қалыптастырады», — деп түйіндеді сөзін Сенат төрағасы.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде