jasqazaq.kz

Тоқаев Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

05 тамыз 2019, 15:15

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады. Әкім қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мәлімет берді.

Тоқаев қаланың инфрақұрылымының сапасын жетілдірудің маңызы мен қоғамдық қауіпсіздікті нығайтудың маңыздылығына тоқталды, деп хабарлайды Ақорда.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы медицина және білім салаларын дамыту, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын белсенді түрде жүзеге асыру керектігін айтты.

Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы оқу жылына дайындық, тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсету және өзге де өзекті мәселелерді шешу жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Бакытжан Сағынтаев 2019 жылдың 28 маусымында Алматы қаласының әкімі болды.

Сағынтаев Алматыда адам көп шоғырланған аудандарда медициналық пункт ашуға уәде берген болатын. Ол аулаларда бейнекамера, рация және телефон орнатылған полиция бекеті болатынын айтқан еді.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда