jasqazaq.kz

Тоқаев ауыс-түйіс жасауының себебін түсіндірді

19 қыркүйек 2019, 10:53

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сәрсенбі күні жасалған бірқатар саяси ауыс-түйіске түсініктеме берді.

Ерлан Қошановтың президент әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалуына қатысты Тоқаев оның мемлекеттік қызметтегі мол тәжірибесін атап өтті.

 

«Қарағанды облысының басшысы лауазымына мәслихатқа премьер-министрдің орынбасары, білікті басқарушы Жеңіс Қасымбек ұсынылады», — деп жазды президент Twitter парақшасында.

Ал Бейбіт Атамқұловтың индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына ауысуын мемлекет басшысы бұрынғы СІМ басшысының сыртқы саясат ведомствосы өкілеттігінің кеңеюіне байланысты министрліктің құрылымын қайта құру бойынша пайдалы жұмыс атқаруымен түсіндірді.

 

«Табысты еңбек жолынан өткен Роман Скляр премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды», — деп атап өтті Тоқаев.

«Тәжірибелі мемлекеттік қызметші Қырымбек Көшербаев Марат Тәжиннің орнына мемлекеттік хатшы лауазымына тағайындалды. Ұзақ жылдар бойы мемлекет ісіне сіңірген еңбегі үшін Марат Тәжинге алғыс айтамын. Оның білімі мен білігі еліміздің игілігіне қызмет ете береді», — деп жазды президент.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда