jasqazaq.kz

Тоқаев: Ауылда жем-шөп қымбат

17 қыркүйек 2019, 17:45

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отбасылық фермерлікті белсенді түрде дамыту керектігін жеткізді. Бұл туралы  Ақорданың Тwitter парақшасында хабарланды.

«Ауыл-аймақтарға мамандарды тарту үшін «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Ауыл тұрғындары да, әкімдер де оның жеткіліксіз қаржыландырылып жатқанын атап өтті. Сондықтан мен оны қаржыландыру көлемін 2020 жылдан бастап жылына 20 млрд теңгеге дейін жеткізу туралы шешім қабылдадым», — деді Президент Солтүстік Қазақстанға жасаған жұмыс сапарында. Мемлекет басшысы сонымен бірге аса маңызды мәселелердің бірі – ауылды кешенді түрде дамыту екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, ауылдарға нақты қолдау көрсетіп, заманауи инфрақұрылымды дамыту керек. «Үкімет әкімдермен бірлесіп жем-шөптің қымбаттап кету мәселесін шешуі керек. Бұл — кәсіпкерлер үшін басты тежеуші факторлардың бірі. Бүгінде жем-шөп бағасы ауыл тұрғындарының шығынының үштен бір бөлігін құрайды. Сонымен қатар, отбасылық фермерлікті белсенді түрде дамыту қажет. Бұл әлемдік тәжірибеде кеңінен таралған. Мемлекеттік бағдарламада үй шаруашылықтарына жеңілдетілген несие беру қарастырылған. Осы жылы 1300 отбасылық ферма мен шағын фермерлік шаруашылық қаржыландырылды», — деп жазды Президент.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде