jasqazaq.kz

Тоқаев Армения Президентімен кездесті

16 мамыр 2019, 13:01

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Президенті Армен Саркисянмен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті.

Қазақстан Президенті Армения басшысына Астана экономикалық форумына қатысуға келгені үшін ризашылығын білдіріп, екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелеріне тоқталды. «Қазақстанда армян ұлтының өкілдері өзге этностармен жарасымды өмір сүріп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып келеді. Екіжақты ынтымақтастықтың бастауында Тұңғыш Президент — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тұр. Сол кісінің идеясының негізінде құрылған Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастығымыз да артып келеді. Сонымен қатар БҰҰ сияқты ғаламдық, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы сынды аймақтық ұйымдарда да ұстанымымыз жақын», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Армен Саркисян тараптардың экономикалық байланысын арттыруда «Астана» Халықаралық қаржы орталығының маңызы зор екенін айтты. «Біз халықаралық ұйымдар аясында да, екіжақты қарым-қатынаста да ынтымақтаса жұмыс істеп келеміз. Астана қаржы орталығының құрылуы екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды одан әрі дамыта түсетініне сенемін», — деді Армен Саркисян. Тараптар екі ел арасындағы сауда айналымының өткен жылы 30 пайызға артқанын атап өтіп, алдағы уақытта осы бағыттағы ынтымақтастықты кеңейте беруге уағдаласты.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда