jasqazaq.kz

Тоқаев Алтын Орданың 750 жылдығын атап өту туралы пікір білдірді

24 тамыз 2019, 15:50

Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын Орданың 750 жылдығын атап өу туралы пікір білдірді. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлытау — 2019» халықаралық туристік форумында айтты.

«Ұлытау халықаралық деңгейдегі этнографиялық туризмнің орталығына айналуы тиіс. Бұл жұмыстарды Алтын Орданың 750 жылдығын мерекелеу қарсаңында бастау керек», — деді Мемлекет басшысы «Ұлытау-2019» халықаралық туристік форумында сөйлеген сөзінде. Оның айтуынша, Ұлытау — қазақ халқының алтын бесігі. «Халық осы қасиетті жерде сайланған хандарды ақ киізге көтерді. Сондықтан біз үшін Ұлытау қазақ жерінің орталығы болып саналады. «Ұлытау» ұлттық қорық-музейі халық игілігіне айналды. Ұлытау ауданының орталығында қазақ хандарының аллеясы ашылды. Сондықтан қазір біз шетелдіктерді халқымыздың баға жетпес бай мұрасымен таныстыруға көмектесетін жаңа жолдар ойлап табуымыз керек», — деп толықтырды Қазақстан Президенті. Тоқаев Шыңғысханның тұңғыш ұлы Жошы ханның кесенесі Қазақстан аумағында орналасқанын барлығының біле бермейтінін атап өтті. «Біз Алтын Орда негізін қалаушы Жошы ханға міндетті түрде құрмет көрсетуіміз керек. Аса маңызды миссия: бүкіл әлемнің назарын осындай тарихи тұлғаға аудару және оның кесенесін мәдени туризм нысанына айналдыру», — деп атап өтті Мемлекет басшысы.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда