jasqazaq.kz

Тоқаев Алматыдағы қамалған бас дәрігердің ісін анықтауды тапсырды

25 қыркүйек 2019, 16:41

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы қамалған бас дәрігердің ісін анықтауды тапсырды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

«Нью-Йоркте сапармен жүріп, Алматыдағы 4-ші қалалық аурухананың бас дәрігері және анестезиологының тұтқындалуы жөніндегі медицина қауымының өтініш-тілектерін оқыдым. Германия ауруханасында жасалған отадан соң қайтыс болған науқастың өлімін Заңға сәйкес тексеруді тапсырдым. Бұл мәселе Президент Әкімшілігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Алматы қаласы әкімінің бақылауында», — деп жазған Президент Twitter желісіндегі парақшасында. Мұның алдында № 4 қалалық аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаев тұтқындалғаны мәлім болған еді. Дәрігер Алматы полиция департаменті басшысы Серік Күдебаевтың ұлы қайтыс болған соң тергеуге алынған. Сондай-ақ бұл іс бойынша аурухана анестезиологы Асқар Тұңғышбаев тұтқындалған. Бас дәрігердің жары тергеушілер Нұрсұлтан Күдебаевтың өліміне себеп болған әрекетке айғақ көрсетпегенін айтады. Нұрсұлтан Күдебаевтың ұлы 2019 жылы тамыздың аяғында қайтыс болған. Ол Алатау ауданы прокурорының орынбасары қызметін атқарған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде