jasqazaq.kz

Тоқаев: Алматыда трамвайды қалдыру керек еді

29 қазан 2019, 11:56

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына екі күндік сапары барысында жиналыс кезінде «трамвайлардың жұмысын тоқтату даулы мәселе болғанын» атап өтті. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

«Трамвайларды тоқтату, меніңше, даулы шешім болды. Рельстерді жөндеуден өткізіп, трамвай парктерін жаңартып, трамвайларды қалдыру керек еді. Көліктің бұл түрі Еуропаның көптеген қаласында кеңінен қолданылып жүр. Бұл шешім қаланың арнайы мамандарымен және қоғам өкілдерімен ақылдасу керек екенін айқын көрсетті», — деді Мемлекет басшысы. Айта кетейік, қала бойынша трамвай жүйесі 1937 жылы жұмыс істей бастаған. 1990 жылдардың ортасында көлік түрінің бұл түрі қысқарып, қала бойынша тек екі трамвай маршруты қалған. 2015 жылы Алматыда трамваймен екі ірі жол апаты болып, сол жылы қазанда әкімдік шешімімен трамвай жұмысы тоқтаған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде