jasqazaq.kz

Тоқаев әлеуметтік көмек үшін ажырасуға тосқауыл қоюды тапсырды

31 мамыр 2019, 11:59

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атаулы әлеуметтік көмек алу үшін көпбалалы ата-аналардың ажырасуы жиілеп кетуіне байланысты алаяқтықты тоқтатуға тапсырма берді.

«Атаулы әлеуметтік көмек алу мақсатында көпбалалы ата-аналардың ажырасуы жиілеп кетті. Үкімет пен президент әкімшілігіне алаяқтыққа тосқауыл қою үшін цифрландыру жүйесін енгізуді жеделдету тапсырылды. АӘК – бұл мұқтаж азаматтарға берілетін мемлекеттің жәрдемақысы», — деп жазды мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

Бұдан бұрын шымкенттік соттар хабарлағандай, көптеген отбасының өз шаңырағын шайқалтуына басты себеп атаулы әлеуметтік көмекті алу болып отыр. Көпбалалы аналар ажырастыруды талап етіп соттың алдын бермеуде. Ал әкелері мемлекеттен көмек алу үшін балаларынан бас тартып жатыр. Аптасына 10-15 арыз түсетін көрінеді.

Ақшалай атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы айлық табысы кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға беріледі. Биыл атаулы әлеуметтік көмек мөлшері 20 789 теңгеге дейін көтерілді. Оған өтініш қабылдау 2019 жылдың 1 сәуірінен басталды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, республикада 80 мыңнан астам отбасы 9,4 миллиард теңге жаңартылған атаулы көмек алды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде