
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа байланысты 8 наурыз мерекесіне орай елордадағы салтанатты жиналыс пен концерттердің өтпейтінін мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ .
Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter желісіндегі ресми парақшасында жазды.
«Халықаралық әйелдер күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында жоспарланған салтанатты жиын мен мерекелік концертті өткізбеу жөнінде шешім қабылдадым. Бұл әлемде коронавирустың таралуына байланысты қауіпсіздік шарасы үшін жасалып отыр. Ардақты аналар мен аруларға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін», — деді президент.