
Алматы облысында бағанаға шығып жұмыс істеп жатқан электршіні тоқ соғып, аман қалды. Оқиға Панфилов ауданына қарасты Жаркент қаласында болған. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Панфилов ауданы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға болған сәтте электршінің талмасы ұстап қалған. Бағана басында тоқ соққан адамға дереу екі ер азамат көмекке ұмтылған. Ол шұғыл ауруханаға жеткізілді. Бірақ оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Бұған дейін Ер адамды ток соққаны жайлы хабарлаған болатынбыз.