jasqazaq.kz

Тоқ соғып, екі қолынан айырылған баланың ісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

24 маусым 2022, 18:42

Батыс Қазақстан облысында ток соғып, екі қолынан айырылған бала оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, қазіргі кезде аталған дерек бойынша ҚР ҚК 371-бабы 2-бөлігіне (абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Аталған бап бойынша кінәлі деп танылған адам белгілі бір лауазымды атқару немесе бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, төрт мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Тиісті сараптама тағайындалды. Қорытындысы кейін белгілі болады», деп хабарлады ведомстводан.

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, өңір басшысы Ғали Есқалиев ауруханада жатқан баламен кездесіп, жағдайын білді.

Бес жасар Аманжол қазір басын көтеріп, өз бетінше жүре алады. Жас бала психологтардың бақылауына алынды.

Анасымен сөйлесу барысында облыс әкімі: «Мәселені өзімнің жеке бақылауыма алдым. Жарақат орны протезді бекітуге ыңғайлы болған соң, заманауи протез саламыз. Отбасыңызға жергілікті билік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетеміз» — деді.

Кездесуден соң Ғ.Есқалиев электр желісіне жетекшілік ететін орынбасары Темірхан Меңдіғалиевке, Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясына облыс аумағындағы барлық трансформаторлардың қауіпсіздігі, олардың қоршалуы, есіктерінің кілттенуі керектігі жөнінде қатаң тапсырма берді.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр