jasqazaq.kz

Ток өшуіне қарғаны кінәлаған әкім елді күлдірді (Видео)

20 тамыз 2021, 13:13

Тамды ауылының әкімі Рауан Асқаровтың 24.kz тілшілеріне ауылда неге жарық сөне беретініне айтқан жауабы әлеуметтік желілерде мемге айналды.

Видеода әкім тілшіге жарықтың жиі сөнуіне трансформаторға қонатын құстар кінәлі екен айтады. Журналист пен әкім арасындағы диалог мынадай:

— Қарға деген бәле трансформаторға күйіп кетеді де, оған күш түседі де, жарықты сөндіріп тастайды.
— Қарға? Алақандай құс?
— Қанатымен ұшып барады да қанаттары темірге тиеді.

— Қарға жақындамайтындай қоршау керек пе? Қарға жақындамас үшін не істеу керек?
— Қоршауы тұр ғой.
— Енді бұл мәселені қалай шешу керек?
— Мәселені сол … қалай шешетінін білмеймін.
— Ауданнан сұрайын ба?

Бұл жауап Қазнетт қолданушыларының ашуын келтірді, ал кейбіреулері жай ғана әзіл деп қабылдаған. Желі қолданушылары биліктегі адамдардың бұлай қателесуіне үйреніп қалғанын да жазған.

Tengrinews.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия