jasqazaq.kz

«Тойып ішіп алғанмын»: Түркістан облысында мас күйде көлік тізгіндеген әйел ұсталды (Видео)

01 наурыз 2024, 10:06

Түркістан облысында 27 жастағы жүргізуші Шардара-Арыс тас жолының бойында қарсы бағытқа шығып, жол белгілері талаптарын сақтамаған, деп хабарлайды Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Audi A4» маркалы автокөлігін Шардара аудандық учаскелік полиция инспекторлары түнгі рейдтік шара барысында тоқтатқан. Тәртіп сақшылары жүргізуші әйелдің құжаттарын тексеру кезінде оның мас хәлде екенін анықтаған. Өз сөзінде көлік тізгіндеген әйел ішімдік ішкенін растап, «тойып ішіп алғанмын, сотта жауап беремін» деп айтқан.

Мас күйде рөлге отырған жүргізушіге қатысты іс сотқа жолданып, әйел 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ДП Туркестанской области (@turkistan_polisia)

JQ-Aqparat

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды