jasqazaq.kz

Тойға келген қонақтар терезе арқылы қашты (видео)

22 қыркүйек 2020, 13:10

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, алты сағат бойы құлыпталып тұрған есікті жедел жәрдем көлігі келген кезде ғана ашуға мәжбүр болған.

Өскемен қаласындағы «Көкжал» мейрамханасында карантин шараларына қарамастан үйлену тойы ұйымдастырылған. Алайда, полицейлер мен әкімдік қызметкерлері алты сағат бойы мейрамханаға кіре алмаған.

Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздігін қадағалау департаментінің хабарлауынша заңбұзушылық 20 қыркүйекте болған. Ал шақыртусыз келген қонақтарды ғимаратқа кіргізбеген.

Әкімдік өкілдерінің мәлімдеуінше, құлыпталған есік жедел жәрдем көлігі келген кезде ғана ашылған. Өйткені, қонақтардың бірінің денсаулығы күрт нашарлағандықтан өздері шақырған.

«20 қыркүйек күні «Көкжал» мейрамханасында адамдардың көп жиналғаны анықталды. Бұл Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік бас санитар дәрігерінің қаулысын бұзу болып табылады», – дейді Өскемен қаласы тауарлар мен қызметтерінің сапасын бақылау және қауіпсіздігін қадағалау департаментінің бас маманы Құралай Дүзгімбаева.
Қазіргі кезде аталған заңбұзушылық туралы барлық фото және видео материалдар тиісті шаралар қолдану үшін жауапты мекемелерге берілді.

https://www.youtube.com/watch?v=jn1R7lAwJp4&feature=youtu.be

 

sputniknews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде