jasqazaq.kz

Тойға бірге келген Қайрат пен Жұлдыз қызу талқыға түсті (Видео)

28 наурыз 2022, 13:05

Қазақстандық шоу-бизнестегі жарасымды жұптардың бірі саналатын Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова тағы да ел талқысына түсті. Қалың көпшілік көптен бері бірге ел алдына шықпай кеткен ерлі-зайыптыны мерекелік шарада көріп қуанған, деп жазады NUR.KZ.

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова әулеттің кенжесі Заңғардың үйлену тойына бірге келіп, желі қолданушыларын таңғалдырды. Ерлі-зайыптыға мерекелік шарадағы аса маңызды сәт сеніп тапсырылған. Олар жас жұбайларға неке сақинасын тағып, өз ақ тілегін айтқан. Оған қоса, жұлдызды жұп дүбірлі той барысында бірге билеп, көңіл көтерген. Қайрат пен Жұлдыздың видеосы Instagram желісіндегі түрлі парақшаларға тарап жатыр. Желі қолданушылары ерлі-зайыптыны қайтадан бірге көргеніне қуанып, олардың татуласқанын болжауда. «Қандай керемет тосынсый болды. Сіздер үшін аса қуаныштымын», «Екеуі бірге жүр. Сондай жарасымды. Татуласқандарыңыз дұрыс болған», «Бұл тойда бәрі жас жұбайларды емес, Қайрат пен Жұлдызды аңдыған шығар», «Бүгін халықтың біразы тыныш ұйықтайтын болды», «Татуласыпты. Қуаныштымын», «Қайраттың әкесі бәрінен де бақытты. Жұлдызды қайта-қайта құшақтап қояды», — деп жазуда көпшілік. Айта кетейік, бұған дейін ел арасында Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімоваға қатысты түрлі қауесеттер тараған болатын. Оқырмандар ерлі-зайыптының ажырасып кеткенін болжап жазған еді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Қазақстан Жұлдыздары Жаңалықтар (@qaz.stars)

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Қазақстан Жұлдыздары Жаңалықтар (@qaz.stars)

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр