jasqazaq.kz

Тойға барған Қайрат Нұртасқа қатысты тексеру жүргізілуде

31 наурыз 2021, 18:25

Семей қаласындағы тойға барған танымал әнші Қайрат Нұртасқа қатысты тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қанат Тұрдиев онлайн форматта өткен баспасөз мәслихатында Семей қаласындағы тойға қатысты тексеру жұмыстарының жүргізіліп жатқандығын айтты. «Осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілерде Семейдегі мейрамханалардың бірінде өткен тойда болған эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас пен қонақтардың видеолары жарияланған болатын. Қазіргі уақытта санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзған мейрамхана иесіне қатысты тиісті материалдар дайындалды», — деді ол. Аталған факті бойынша Семей қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің мамандары тексеру жүргізуде. Ал Қайрат Нұртасқа қатысты шектеу шараларын бұзу туралы материалдар оның тұрғылықты мекен-жайы бойынша СЭБ басқармасына жолданған.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия