jasqazaq.kz

Тойда тілек айтуға шығып, аспанға оқ атқан жігіт көпшіліктен кешірім сұрады (Видео)

07 маусым 2021, 10:16

Тойда тілек айтуға шығып, оқ атқан жігітке қатысты полиция мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, елдің зәресін ұшырған азамат дыбысты-жарықты тапанша қолданған. «Тапаншамен аспанға оқ атқан 26 жастағы азамат анықталды. Ол — Алматы қаласының тұрғыны. Ол тілек айтуға шығып, дыбысты-жарықты тапаншамен жоғары жаққа қарай атқан. Қазір әкімшілік кодекстің 436-бабының 1-бөлігі бойынша іс қозғалып, сараптама тағайындалып, тапанша тәркіленді. Той иесі мен мейрамхана қожайынына қатысты да тексеру жүріп жатыр»,- деп мәлімдеді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен. Айта кетейік, әлеуметтік желіде тойда тілек айтуға шыққан азаматтың бірі кенеттен жоғарыға қарай оқ атып, желі қолданушыларын шошытқан болатын. «Мен, Издиев Хабиболла, Алматы қаласының тұрғынымын. Тойда тілек айтуға шығып, аспанға төрт рет оқ аттым. Бұл әрекетім үшін көпшіліктен кешірім сұраймын. Бұндай әрекет екінші мәрте қайталанбайды»,- дейді бейнежазба авторы.

https://youtu.be/5ZEOvWsZVo4

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия