jasqazaq.kz

«Тойда билеп тұрып жүрегі тоқтап қалды»: Актер Сағат Жылгелдиевтің соңғы видеосы жарияланды (Видео)

16 мамыр 2022, 15:08

Танымал қазақ актері Сағат Жылгелдиев 68 жасында бақиға аттанды. Актер өмірінің соңғы сағаттарын көңілді өткізді. Ол той үстінде би билеп, көңіл көтерген. Өнер өкілдері бұл сәттің куәсі болды.

Бұл туралы Рахман Омар желіде жазды.

“Е,е,е…Жалған дүние-ай… Кім ойлаған?..Той үстінде өзіне тән аңғалдығымен, кең пейіл көңілімен, дархан мінезімен, ортамызда балаша билеп жүрген асыл ағамыздан бір сәтте айырылып қаламыз деп кім ойлаған?!. Жүрегім езіліп отыр… Дел-сал күйдемін…Тірі жанға жаманшылығы жоқ, басқаның қуанышында өз тойында жүргендей жүруші еді. Жасы біраз бізден үлкен болса да, өте ширақ, қимылы көз ілеспейтіндей жылдам еді… Қайран ағам-ау, қайтейін?! Әй, Сағат! деп құрдасымдай ойнаушы ем… Енді кімге еркелеймін?! Орның ойсырайды ғой, көкешім-ау… Көз алдымызда кетіп қалдың-ау…
Жаның жәннатта шалқысын, аға-ау…Біз сізді ешқашан ұмытпаймыз. Билеп тұрып жүрегі тоқтап қалды. Қайтар алдында 10 минут бұрын түсірілген видео”, – деп жазды Рахман Омар.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Рахман Омар (@rakhmanomar)

Stan.kz

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр