
Бүкіләлемдік дағдарыс өнер әлеміне де едәуір нұқсан келтірді. Қазақстандық эстрада осыған дейінгі деңгейіне қайта келуі үшін кемі 2 жылдай уақыт керек екен. Карантин талаптары той жасатпай, концерт өткіздірмеді. Осы кезең біраз шығармашылық адамдарын басқа мамандыққа ойыстыруы мүмкін деген де болжам бар.Бұл туралы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап zakon.kz хабарлайды.
Үнемі шығармашылық пен ұстаздықтың арасында жүретін Мирас пен Құралай Бекжановтарды әңгімеге тарттық. Өнер иелері көппен көрген ұлы той деп біраз шаруаны тоқтатып, тәртіпке бағынып отырмыз дейді.
Шығармашылық өкілдері үшін дағдарыстың созылып келе жатқанына 8 айға жуықтаған. Одан бері екі мәрте карантин жарияланды. Қоғамық және отбасылық шараларға тыйым салынды. Осы кезең біраз өзгерістерге себеп болған екен.
Дағдарыс қауіптің ғана емес, мүмкіндіктердің де кезеңі. Продюсер Қыдырәлі Болманов тірі адам тіршілігін жасауы керек дейді.
Карантин кезеңінде эстрада әншілері қоғамдық өмірден тысқары қалған жоқ. Қиын жағдайға тап болғандарға көрсетіп те жасырып да қол ұшын созып жатыр. Мәдениеттанушы Гүлнәр Маханбетжанова елдің алдында жүргесін шын таланттар ісіне берік болса жарасатынын айтады.
Бюджеттен үнем жасалуы керек болса бірінші кезекте ойын-той, шоу-концерттің қаражаты қысқарады. Сондықтан, шығармашыл жандар жаңа кезеңге бейімделуге мәжбүр.